ТәжірибеТәрбиелік жұмыс
Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Бастауыш сыныпта байқау және бақылау іс-тәжірибесін тиімді өткізу жолдары» тақырыбында 0105000 “Бастауыш білім беру” мамандығы бойынша 41,42, 41«а» топ студенттері және тәжірибе бөлісу мақсатында 31,301, 310 топ студенттерінің қатысуымен қорытынды конференция ZOOM платформасында өткізілді.
Конференцияға директордың іс – тәжірибе жөніндегі орынбасары К.А. Искакова және әдіскерлер: З.Д.Сахариева, А.Б. Сентаева, Б.Ж.Калкенова, С.Табилтай, Г.А.Мавлитаева, Д.Б.Музапарова, Т.А.Наревская, Б.М.Байбулатова, Н.Д. Кичигина қатысты. Конференцияда машықкерлер іс- тәжірибе барысы, қолданған стратегиялар мен технологиялар, штаттық және онлайн негізінде өткізген сабақтар, әлеуметтік желіде жариялаған бейне сабақтарын, кездескен қиыншылықтар мен жетістіктері туралы ойларымен бөлісті.

41 топтың іс-тәжірибе старостасы Қалиева Айым мен 42 топ машықкері Мадениятова Аяжан байқау практикасында өткізілген сабақтардың ерекшеліктеріне, Қабдоллаева Аружан мен Қажиева Мөлдір волонтерлық жұмыстың фотоесебін көрсетіп, волонтерлар ақысыз, ерікті қоғамдық жұмыс атқаратын жастар екендігіне тоқталды. Тұяқбаева Жадыра, Айқын Гүлдана онлайн және штаттық негізде өткізілген сабақтарда кездескен қиыншылықтар мен жетістіктерді атап өтті. Самархан Маржан мен Қайранова Айжүз іс-тәжірибе барысында меңгерген білік-дағдыралы туралы айта отырып, колледж әкімшілігі мен ұжымына, әдіскерлерге алғыстарын білдірді.       Гульназ Мавлитаева