ТәжірибеТәрбиелік жұмыс
«М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК
Байқау және бақылау практикасының қорытынды конференциясы.

28.12.2020 жылы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде бітіруші топтардың әдіскерлерінің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбие беру» бөлімінің 4 курс студенттерінің оқу бағдарламасына сәйкес байқау және бақылау практикасының қорытынды конференциясы ZOOM арқылы өтті. Конференцияға мамандығы 0108000 «Музыкалық білім беру», біліктілігі: 0108013 ” Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка пәнінің мұғалімі ” бойынша 48 топ, 4 курс студенттері қатысты және тәжірибе бөлісу мақсатында аталған мамандық бойынша 2 курс студенттері шақырылды. Білім алушылар практика кезіндегі өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Пандемия жағдайында өткен байқау және бақылау практикасының қиындығы мен қолайсыздығына қарамастан машықкерлер өздерінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтай алғандықтарын, кәсіби әрекеттері мазмұнды материалдардың негізінде, практика барысында жетілгені туралы айтып, ой бөлісті. Іс-тәжірибе барысында онлайн сабақтар болса да музыкалық аспаптарды қолдана отырып студенттің іскерлігі мен дағдыларының қалыптасып, өздеріне деген сенімдерінің артқаны байқалды.Шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында олар өз білімдерін дәлелдеп, жұмыс барысында туындаған қиыншылықтарды іскерлікпен шеше білгендері туралы айтып, видео арқылы көрсетті. Конференцияда сөйлеген әдіскерлер және директордың іс-тәжірибе жөніндегі орынбасары К.А.Искакова студенттердің байқау практикасының сәтті аяқталуымен құттықтай отырып, алдағы дипломалды мемлекеттік іс-тәжірибені де ойдағыдай атқаратындарына толықтай сенім білдірді.

Gulim Oralgazina