Бүгін яғни 06.01.2021 ж. күні М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Негізгі орта білім» мамандығы, «Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі» біліктілігінде оқып жатқан 26 топ студенттерінің «Сыныптан тыс жұмыстар технологиясы» және «Педагогикалық қызметке кіріспе» іс-тәжірибелері бойынша «Мамандыққа – машықтықтан» атты қорытынды конференциясы болып өтті. ZOOM платформасында өткен бұл конференцияға әдіскерлер, тәжірибе алмасу мақсатында 17 топ студенттері қатысты. Конференцияда машықкерлер іс-тәжірибеде штаттық және қашықтықтан өткен тәжірибелері туралы айтып, іс-тәжірибе барысындағы кездескен қиыншылықтар мен олардан шығу жолдарын талдай отырып, іс-тәжірибе барысындағы жұмыстарының жетістіктерімен бөлісті. Атап айтсақ, Хасанова Ризида «Сыныптан тыс жұмыстар технологиясы» іс-тәжірибе бойынша штаттық режимде өткенкен машықкер ретінде тәжірибесімен бөліссе, өз ауылында қашықтықтан өткен Құрмаш Қарлыға, «Педагогикалық қызметке кіріспе» іс-тәжірибеден жинақтаған тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, Семей қаласы, «№8 ЖББ көркемдік эстетикалық білім және тәрбие беру – кешенінен» қашықтық режимде іс-тәжірибеден өткен практика старстасы Нурғалиева Ақмарал «Сыныптан тыс жұмыстар технологиясы» іс-тәжірибе бойынша портфолиосымен таныстырса, Увалиева Еркежан «Педагогикалық қызметке кіріспе» іс-тәжірибе
бойынша портфолиосында жинақталған жұмыстарына тоқталып өтті. Каденова Бибі аталған тәжірибе кезінде кездескен қиыншылықтар мен қызықты сәттерімен, алған әсерімен бөліссе, Қайратқызы Ақерке машықкерлер іс-тәжірибеден өткен сыныптардың оқушылары мен сынып жетекшісінің пікірін тыңдатты. Топ старстасы ретінде Ракишева Дильназ өз пікірін білдіре келе, аталған іс-тәжірибелер барысында жол сілтеп, бағыт-бағдар беріп, әдістемелік көмек көрсетіп отырған колледж әкімшілігі мен әдіскерлеріне жүрек жарды өлең жолдарымен алғыстарын білдірді.     ( Айгуль Кабимолдина )

 

На изображении может находиться: 18 человекНа изображении может находиться: 11 человек, текст