Тәрбиелік жұмысХабарландырулар
11.09.2023 күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде “Orientation week” жобасы бастау алды. Жобаның мақсаты: студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оқу орнындағы ұйымдардың жұмысымен таныстырып, дұрыс таңдау жасауға көмектесу.
“Оратор” интеллектуалды дебат клубы көштің басын бастап апталық шараның алғашқы күнін өткізді. Бағдарлама “Ораторлықтармен кездесу”, “Quest”, “Surprise” және “Көрсетілім ойын” бөлімдерінен тұрды.
Шара «Orator» интеллектуалды дебат клубының жетекшісі Сағымбеков Нұржан Әшімұлының құттықтау сөзімен басталып, ұйым координаторының орынбасары Бекзат Төлембесовтың клуб тарихымен, жалпы мақсат-міндеттерін таныстыруымен жалғасты.
Ұйым мүшелері 1-курс студенттеріне “БП алтыкүндік оқуды алып тастау керек деп есептейді” тақырыбында көрсетілім ойын ұсынды.
📌Ойынға қатысушы спикерлер:
«Үкімет» позициясы:
🧩Зейнекен Аружан
🧩Мухаметханова Аяулы
“Оппозиция» позициясы:
🧩Қаблбекұлы Мағжан
🧩Ержанова Тоғжан
Сонымен қатар, шара барысында викториналық сұрақтар, “Стақан мұнарасы” ойыны, музыкалық сәлемдеме, «Pizza party» сынды тосынсыйлар ұйымдастырылды.
Шара соңында ұйым мүшесі Ардаққызы Жұлдыз «Quest» ойының жауабын жариялап, жеңімпаздарды арнайы сыйлықтармен марапаттады.
Жаңа буын «Orator» дебат клубы мүшелерінің қатарынан көрінгісі келетіндерін айтып, бір-біріне сәттілік тіледі.