Әдістемелік қызметТәрбиелік жұмысХабарландырулар
“ОРАТОР” ДЕБАТ КЛУБЫНА – 20 ЖЫЛ
🔰29-30 сәуір күндері Абай облысы, Семей қаласы, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде “Қоғамдық пәндер” оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес «Orator» пікір-сайыс клубының жетекшісі Сағымбеков Нұржан Әшімұлының ұйымдастыруымен оқу орнының – 120 жылдығы мен «Orator» дебат клубының 20 жылдығына арналған «Orator Cup II» республикалық турнирі өткізілді.
📌Турнирдің мақсаты:
– Пікір сайысшыларды қолдау, пікір-сайысқа деген қызығушылықтарын ояту;
– Өзгенің пікірін сыйлауды арттыру;
– Жастардың көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
📌Турнирге Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Семей қалаларынан жалпы жиыны 32 фракция, 64 спикер қатысты.
🔰«Orator» ДК-ның жетекшісі Нұржан Әшімұлы Сағымбеков шет аймақтардан келген қатысушыларды ғасырдан астам тарихы бар оқу орнының бай тарихымен таныстырып, құнды орындарға шолу жасады. Әуезов ескерткішіне ықылас гүл шоқтарын қойды.
📌Мәжіліс залында турнирімізді Амангельдин Еркебұлан әсем ән шырқап, Меллат Самғар күй орындап шарамыздың ашылу салтанатын бастап берді. Шара барысында оқу орнымыздың басшысы, ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің ковалері, ф.ғ.к Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, алдағы екі күндік турнирге жақсы көңіл-күй тіледі. Облыстық әдістемілік инновациялық орталығының білім беру үрдісін әдістемілік сүйемелдеу бөлімінің басшысы Бласпаев Сейлғазы Қайроллаұлы облыс көлемінде дебат ойынының жанданып, гүлденуіне себепкер болып отырған жас дарындарға алдағы уақыттардағы ойындарына толағай табыс тіледі.
📌Турнирдің өткізілу реті:
1. Квалификациялық кезең (4-іріктеу кезеңі). 1/4 ширек финалисттерін және финалист командаларды анықтау.
2. Турнир БПФ және ЛД форматтарында ойнатылып, ашық әрі жабық раундтар болды.
3. Ойнайтын командалар қазақ лигасына шақырылды.
📌Турнирдің алғашқы күнінің бағдарламасына сай ашылу салтанаты, колледж тарихымен таныстыру жобасы, сондай-ақ 4 раундтан тұратын ойын ұйымдастырылды.
Турнирдің екінші күні БПФ 1/2 өткен фракциялар мен ЛД 1/4 өткен спикерлер арасында тартысты ойынмен басталды. Жастар финалы ЛД финалымен қатар жүргізілді.
🔰 Турнирде дебат ойындарымен қатар, бос уақыттарын тиімді пайдалануға арналған «Quest», «Quiziz», волейбол🏐 ойындары ойнатылып, жеңімпаздарға жүлделі сыйлықтар берілді.
🔱“Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту” бөлімінің меңгерушісі Комаева Маржан Сейфоллаевна мен «Orator» ДК-ның жетекшісі Сағымбеков Нұржан Әшімұлы қорытынды сөз сөйлеп, турнирге қатысқан барлық дебатерларға алғыстарын білдіріп, жеңімпаздарды марапаттады.
ТУРНИР НӘТИЖЕСІ:
🏆Жеңімпаздар: Ол сені Ораторға апарады, абыройыңды ақтарады (Исахан Нурбахыт (Павлодар); Жақсылық Бекхан (Павлодар)).
🏅Финалистер:
•Аккалиев чемпионат Азии деп жазшы (Балабек Аяулым (Астана); Ералы Нұрхан (Шымкент));
•Тимон и Пумба (Жазитов Ануар (Семей); Рымкулов Асылжан (Алматы));
•Асылжан, сен ренжіме (Акабай Мадина (Семей); Кадыргажиев Нұрсұлтан (Семей)).
🏆Жастар финалы жеңімпаздары:
Мұз фракциясы (Адимова Аружан (Семей); Исабаева Нұрай (Семей)).
Финалистер:
•Made in Ybyrai (Берікова Аружан (Семей); Оспанова Құралай (Семей))
•18-регион (Бупежанов Асқар (Павлодар); Қасенова Арай (Павлодар))
•956 (Арчин Дидар (Семей); Сәрсен Жанерке (Семей)).
🏅Үздік спикер: Хасанов Еркебұлан(Семей);
🏅Үздік төреші: Кебекова Диана;
🏅Үздік ұйымдастырушы: Мұхаметханова Аяулы
Зейнекен Аружан.