Бүгін 26.11.2021 күні М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Педагогика және психология» пәндік әдістемелік комиссиясының онкүндігі аясында «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстанның кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңа формация педагогы» тақырыбында облыстық Педагогикалық оқулар өтті.
Іс шара облыстық әдістемелік бірлестік жетекшісі З.С.Алқанованың және М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің арнайы пән оқытушылары Г.К.Сарсекова, Л.Б.Жунусова, А.К.Кабимолдинаның басшылығымен ұйымдастырылды.
Педагогикалық оқулар мақсаты:
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңа формация педагогының кәсіби қызметіндегі ерекшелігі мен маңызын айқындау, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірбиені қорыту және тарату.
Педагогикалық оқуда С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Педагогикалық білім және менеджмент» кафедрасының сениор-лекторы, педагогика ғылымдарының магистрі Г.К.Макишева және әлеуметтік пәндер оқытушысы, педагог-мастер Т.К.Мұқанов модераторлық қызмет атқарды.
Облыстық педагогикалық оқуға колледж оқытушылары қатысты. Жұмыс 3 секциялық бағытта жүргізілді.
Педагогикалық оқуларға колледж оқытушылары қатысып, өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті. Педагогикалық оқулар талаптарына сәйкес қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
І дәрежелі дипломмен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Е.Б.Нұрпейісова, ІІ дәрежелі дипломмен ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.М.Секенова мен информатика пәні оқытушысы Ғ.Қ.Бласпаева, ІІІ дәрежелі дипломмен ағылшын тілі пәні оқытушысы А.К.Оразалинова мен психология пәнінің оқытушысы М.Т.Нұрғазы марапатталды.
Бүгінгі педагог білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана емес, ол Тәуелсіз Қазақстанның білім жүйесін әлемдік деңгейге бағыттау мақсаты туындап жатқан қазіргі таңда педагогтік мамандыққа қойылатын талаптарға жауап бере алатын, білім мен іс-әрекетін ұйымдастыру іскерлігінің жоғары деңгейіне ие маман болуы тиіс деген қорытындыға келдік.