Хабарландырулар

19 ақпан күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі» ПӘК онкүндігінде Калкенова Бейбитгул Женисбековна облыстық деңгейде «Биология» пәнінен «Кенеттен және индукцирленген мутация» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы өтті.

Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға мутагенез бен мутация типтерін, гендік, хромосомалық аурулардың себептерін таныстыру.

Сабақ барысында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша белсенді оқыту, критериалды бағалау, сын тұрғысынан ойлау, модельдеу әдістері қолданылды. Білім алушылар белсенділікпен және қызығушылықпен қатысып, жаңа тақырып бойынша алған білімдерін  тәжірибе кезінде көрсете білді. Сабақ жоғары деңгейде өтіп, жоғары пікірлерге ие болды.