02.12.2021 ж. күні М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі «Педагогика және психология» ПӘК онкүндік аясында оқытушы М.С. Комаева 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы, 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігінің 4-курс 45-тобында «Педагогика» пәнінен облыстық деңгейде ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы ықпалдастықты ұйымдастырудың ерекшеліктері».
Мақсаты: белсенді әдіс-тәсілдер арқылы білім алушыларды мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы ықпалдастықты ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстыру, негізгі бағыттарын анықтау, ата-анамен жұмыс түрлері мен әдістерін топтастырып қарастыру.
Отбасы мен балабақша арасындағы сабақтастық маңызын түсіндіру, ата-анамен жүргізілетін жұмыс түрлерін өткізу жолдарын көрсету, қарым-қатынасқа түсе алу дағдыларын тәрбиелеу, белсенді әрекетке тарту, ізгілік сапаларын қалыптастыру, тәрбиеші мамадығына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз ойын, пікірін айтып, қорғау дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сабақта алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана алуға үйрету міндеттері қойылды.
Сабақ барысында Маржан Сейфуллаевна АКТ, СТО, диалогтық оқыту, проблемалық оқыту технологиялырының элементтері мен «Біздің топтың жүрегі» психологиялық жаттығуы, LearningApps арқылы интерактивті тапсырмалар, «Пирамида тарихы», «Микс», «Галереяны шарлау», кері байланыс, рефлексия әдістерін тиімді пайдалана алады.
Сабақ қызықты және танымды болып, білім алушылар алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білетіндігін көрсетті.
М.С. Комаеваның өткізген облыстық ашық сабағы әріптестер арасында жоғары деңгейде бағаланды.