24.11.2021 ж. күні М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі «Педагогика және психология» ПӘК онкүндік жоспарына сәйкес, оқытушы Жунусова Л.Б. 0102000 «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығы, 0102033 «Білім беру ұйымының тәрбиешісі» біліктілігінің 2-курс 22-тобында «Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы» пәнінен облыстық деңгейде ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың тақырыбы: «Отбасы – тәрбие факторы ретінде».
Мақсаты: отбасының –негізгі тәрбие факторы ретіндегі маңызын ашу.
Отбасының жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі факторы ретіндегі тәрбиелік әлеуетін айқындау, отбасы функцияларына сипаттама беру. Білімді игеру барысында түрлі ресурстармен жұмыс жасай білу, сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау, өз ойын тұжырымдай алу машығын игеру, командада жұмыс жасау арқылы коммуникативтік дағдыларын дамыту, отбасы құндылығын дәріптеу, насихаттау, отбасында жағымды қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастыру міндеттері қойылды.
Сабақ барысында оқытушы көрнекілік (сызбалар, презентация), топтық шығармашылық жұмыстар, рөлдік ойындар, «Stopкадр», «Миға шабуыл», сабақты бекіту стратегиялары: «Мотивациялық шешім», «Скрайбинг», «Суреттер сөйлейді», рефлексия «Блоб ағашы» әдіс-тәсілдері арқылы белсенді оқыту, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін қолданды.
Сабақ қызықты және танымды болып, білім алушылар алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білетіндігін көрсетті.
Ляззат Байботаевна өткізген ашық сабағы әріптестер арасында жоғары деңгейде бағаланды.