Тәрбиелік жұмысХабарландырулар

Семей қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында Бекен Жамақаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында қалалық «Жүрегі тұнған ән еді» атты өнерпаздар байқауы өткізілді.

Бекен Жамақаев атындағы атаулы дәрісхананың меңгерушісі Қазез Санатқанның және кіші ғылыми зерттеу орталығы мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен байқауда өнерпаздар өз бақтарын сынады. Бір айналымнан тұратын байқауда қатысушылар ұйымдастырушылар комитеті алдын-ала бекіткен Бекен Жамақаевтің шығармасын орындады. Қалалық №16 ЖОББ мектебі және №36 ЖОББ мектептері байқауға жоғары дайындығымен және бекітілген шығарманың сахналық қойылымымен келіп, ерекше көзге түсті.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша, «Бас жүлдені» №16 ЖОББ мектебінің 10 а сынып оқушысы Абдыгалиева Алия (Жетекшісі: Дюсебаева Жанар Тюлькубайевна) иеленсе, 1-дәрежелі дипломды №36 ЖОББ мектебінің 9 сынып оқушысы Құрманғалиева Гаухар (Жетекшісі: Толқынбек Жайнагүл) иеленді. 2-дәрежелі дипломы №21 ЖОББ мектебінің 11 сынып оқушысы Рысбек Темірланға табысталса (Жетекшісі: Өндірқан Амангүл), 3-дәрежелі диплом №4 ЖОББ мектебінің 9 сынып оқушысы Берікбол Ақеркеге (Жетекшісі: Мустафина Гульбарам Уатхановна) бұйырды. Сонымен қатар, «Көрермен көзайымы» номинациясымен №21 ЖОББ мектебі, «Жасампаз жас» номинациясымен №27 ЖОББ мектебі, «Сахна сәні» номинациясымен №16 ЖОББ мектебі марапатталса, Жарқын орта мектебі және №44 ЖОББ мектебі сертификаттармен марапатталынды.

Бекен Жамақаевтың қарындасы Бейбітжан Жамақаеваның қолдау көрсетуімен Бас жүлдеге 20 000 теңге, 1-дәрежелі диплом 15 000 теңге, 2-дәрежелі диплом 10 000 теңге, 3-дәрежелі диплом 5000 теңге ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Оқу орнында алдағы уақытта композиторды насихаттау жұмыстары өз жалғасын табады деген сенімдеміз.