Әлемдегі коронавирустық инфекциясының таралуы елімізде де орын алып, санитарлық-эпидемиялық жағдайдың орын алуына байланысты ағымдағы оқу жылын қашықтықтан оқу арқылы аяқтадық. 117 жылдық тарихы қасиетті қара шаңырақ Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде бітіруші түлектеріміз алғаш рет қашықтықтан мемлекеттік емтихан тапсырылды. 2 маусым күні сырттайғы бөлімнің «Бастауыш білім беру» мамандығының 28 студенті мен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 24 студенті ZOOM платформасы арқылы емтихан тапсырды. Студенттерге ZOOM платформасының сілтемесі WhatsApp чатына жіберіліп әуелгіде 6 студенттен бастап кезек кезегімен тапсырып, жауап берген студент бағдрламадан шығарылып отырды. Емтихан тапсырушы жеке бас куәлігі мен жауап парағын мемлекеттік емтихан комиссия мүшелеріне көрсетіп, емтихан хатшысы арқылы тіркелді. “Генератор случайных чисел” бағдарламасы арқылы әр студент билетін анықтап, 20 минут дайындалу уақыты берілді. Емтихан комиссиясының шешімі бойынша студенттерге ZOOM платформасы арқылы бағалары айтылды. Оқу орнынан шалғайда орналасқан студенттеріміз де емтихан тапсыру мүмкіндігіне ие болды.
Талай тарихтың куәсі болып отырған киелі оқу орыны үшін бұл да бір ТАРИХИ СӘТ!