Жарысқа әр бөлімнен 2 оқытушы және студенттерден құралған командалар қатысты. Сайыскерлер салауатты өмір салтын ұстану және ұжымдық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған жарысқа «Таныстыру», «Планеталар эстафетасы», «Математикалық баскетбол», «Үш тілді сөзжұмбақ», «Пингвиндер волейболы», «Қарлығаштар мен балапандар», «Батыр капитандар», «Арқан тартыс» кезеңдері бойынша сынға түсті. Қазылар алқасының шешімі бойынша, 1 орынды «Дене тәрбиесі және спорт», 2 орынды «Бастауыш білім беру», 3-орынды «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» бөлімі иеленді. Сонымен қатар, белсенді командалар, оқытушылар мен команда басшылары арнайы номинациялар бойынша алғыс хаттарға ие болды. «Көңілді старт» сайысы өте тартысты өтті және қатысушылар мен жанкүйерлерге позитивті көңіл күй сыйлады.