Елбасының «Болашашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Жеті қырлы Қазақстан» мақаласын іске асыруға үлес қосу, ұлттық спортты сүюге, мергендік, ептілік, жылдамдық, күштілікке баулу мақсатында «Ұлттық ойындар – салауатты өркендеу кепілі» атты ашық тәрбие сағаты 303 топ және топ жетекшісі Қ.Қ. Мукатаеваның ұйымдастыруымен колледж назарына ұсынылды. Тәрбие сағаты барысында қазақтың ұлттық ойындары: тоғызқұмалақ, бестас, қазақ күресі, сонымен қатар, құмай тазыны баптап, аңға шығу сынды ақпараттар әр алаңда толығырақ түсіндіріліп, көрсетілді. Көрермендермен ойындар ойнатылып, жеңімпаз қыздарға, қазақ салтымен «селт еткізер» сыйлықтары ұсынылды.
Ұлттық құндылықтарымызды заманауи қоғамда жаңғыртуға үлес қоса берейік, жастар!