Хабарландырулар
АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫНА – 120 ЖЫЛ!
03.11.2023 ж. күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Математика және информатика» пәндік әдістемелік комиссиясының онкүндігі аясында «Unconference» форматында белгілі қоғам қайраткері, педагог, журналист, «Невада-Семей» қозғалысының мүшесі» Мүтән Шәмшінұлы Аймақовтың қызы – Гүлнар Мүтәнқызымен кездесу өтті.
Мақсаты: білім алушыларға Мүтән Аймақовтың өмірі мен шығармашылығын, еңбек жолын, еліміздің дамуына қосқан үлесін насихаттау.
Кездесу барысында кіші ғылыми зерттеу орталығының мүшелері, ШТ 22-09-02 топ студенттері зерттеушілік және шығармашылық бағытындағы жұмыс галлереясын ұсынды. Мүтән Аймақовтың «Көргендерім» кітабынан үзінді оқылды.
Іс – шараның мазмұны 3 бөлімге бөлінді.
Бірінші бөлімде Гүлнар Мүтәнқызы қасиетті ұлылар мекені Абай жерінде дүниеге келген Мүтән Аймақовтың «Өмір жолы – өнеге жолын», Ұлы Отан соғысы жылдарында өткен балалық шағының естеліктерімен бөлісті.
«Мүтән Аймақовтың рухани мұрасы» атты екінші бөлімде ШТ 22-09-02 топ студенттері «Менің әкем жақсы адам» атты ән шашу жолдап, Мүтән Аймақовтың Семей полигоны туралы өлеңін оқыды. Сонымен қатар, Мүтән Аймоқовтың елімізге сіңірген еңбегінің бір бөлігімен таныстырып өтті. «Алаш аманаты» атты күй орындады.
«Ер есімі – ел есінде» атты үшінші бөлімде Қапанов Бекзат «Мүтән Аймақовтың монологынан» үзінді оқыды. Гүлнәр Мүтәнқызы белгілі қоғам қайраткерінің артында қалған ұрпақтарымен таныстырып, қазіргі таңдағы тұрмыс – тіршілігімен бөлісті.
Іс – шараның соңында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрланова Айгерім Қуандықовна қонаққа келген Гүлнар Мүтәнқызына алғыс айтып, қорытындылады.