Тәрбиелік жұмысХабарландырулар

03.10.2019ж.  «Менің еңбек жолымдағы ең бақытты сәттерім, педколледжде қызмет еткен жылдарым»- деп  Нәубат Қалиұлы өзі атқандай өмірінің қимас бір шақтарын өткізген М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж Н.Қалиұлын еске алу кешін өткізді.

Кешке Н.Қалиұлының туыстары, замандастары, жерлестері,  педогогикалық колледжде бірге қызметтес болған әріптестері, шәкірттері, колледж ұжымы мен студенттері қатысты.

Н.Қалиұлының өмірі мен еңбек жолынан  мол мағлұмат, терең тәлім беретін «Өнегелі өмір» кітабының тұсауы кесілді. Н.Қалиұлының келіні Е.С.Қалиеваның  құрастыруымен  жарық көрген жинақта Нәубат Қалиұлының, замандастары, туыстары, жерлестері, әріптестері мен  шәкірттерінің  естелік лебіздері, фотосуреттер топтастырылған.

«Өнегелі өмір» кітабында ұстаздың ұлы келбетін шәкірттері   М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры ф.ғ.к.Ш.А.Жанаева: «Бітім-болмысы қазақ Нәубат ағамның басшылығымен 1992-96 жылдары педколледждің оқу-тәрбие  жұмыстары ұлттық мазмұн иеленді», ҚР Парламенті Мәжілісі баспасөз қызметінің бас кеңесшісі З.Кеңесқызы:  «Менің Нәубат ағам!!! Ұлтын сүйген ұлы жүрегімен қаншама жанайын деген жастың отын жағып, ұшайын деген жастың қанатын жазды», ҚР еңбек сіңірген қайраткері «Құрмет» орденінің иегері К.Төленбаева: «Қай мамандықтың студенті болмасын әрқайсысына жеке-жеке ақылын айтатын. Қазір, шәкірттерінің барлығы  өз саласының білікті маманы болып, республиканың түкпір-түкпірінде  жемісті қызмет етуде», философия ғылымдарының кандидаты, профессор М.Түйебаев: «Нәубат Қалиұлы  бұл жалған дүниеде өз биігінен түспей, «замана ауруымен» ауырмай, ар ожданын саф алтындай сақтап, елі үшін өмір сүрген, нағыз қазақтың нар тұлғасы»-деп тебірене еске алады.

Еске алу кешіне жиналған қонақтар естеліктерінен Нәубат Қалиұлының өнегелі өмірімен таныстық,  «Адам»  деген атқа сай сыйлы, қадірлі болып өткенінің куәсі болдық.

Иманың жолдас, жанның жәннатта болсын құрметті Ұстаз, ардақты Тұлға!!!