Тәрбиелік жұмыс

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде қазақ көркем прозасының көшбасшысы М.О. Әуезовтің 125 жылдығына арналған және оқу орнында ұлттық құңдылықтарды жаңғырту мақсатыңда дәстүрлі ұйымдастырылатын «Наурыз аруы-2022» байқауы өтті. Байқау биыл 29-рет ұйымдастырылды. Қазақ қызының бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру және жан-жақты дамыған, заманауи тұлға ретінде тәрбиелеу үшін дәстүрлі түрде өтетін байқауға 7 ару қатысты. Сайыс барасында өздерін сан алуан тәсіл арқылы таныстырған арулар білімдерімен қатар, «М.Әуезовтің әйелдер галлереясынан» образ сомдау шеберліктерін, өнерлерін және ұмыт қалған ұлттық тағамдарды жасай білу қабілеттерін ортаға салды.

🎗Байқау қорытындысы бойынша «Шет тілі» бөлімінің арауы Жолдыбаева Аружан Орақбайқызы «Өнерлі ару», «Филология және мектепке дейінгі білім беру» бөлімінің аруы Тұрлыбаева Мадина Мадиқызы «Рухты ару», «Шет тілі» бөлімінің аруы Темірғазы Айым Серғазықызы «Парасатты ару» номинацияларымен марапатталды.

🏆«Бастауыш білім беру» бөлімінің аруы Толеугазина Гүлвира Алмасқызы жүлделі ІІІ орынды, «Филология және мектепке дейінгі білім беру» бөлімінің аруы Жұмаділова Еркежан Тұрлыбекқызы ІІ орынды, көркі мен өнері келіскен «Бастауыш білім беру» бөлімінің аруы Тұржанова Әсем Мұратқызы І орын алды.  Ал байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені, «Наурыз аруы-2022» тәжін оқ бойы озып шыққан, ұлттық салт-дәстүрді мамандығымен ұштастырып көрсете білген «Спорт және өнер» бөлімінің аруы Маратова Наргиз Ерболқызы иеленді. Барлық байқауға қатысушалар арнайы дипломдармен, ленталармен марапатталды.

🎁Байқау барысында әділқазылық еткен “FORTEBANK” акционерлік қоғамының Семей қаласындағы филиалының басшысы Наурызбаева Салтанат Сайлауқанқызы жүлдегер аруларға ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдарды, ал номинанттарға бағалы сыйлықтар табыстады. Қазақстан Жазушылар одағы Семей өңірі филиалының төрағасы, «Алтын тобылғы» әдеби байқауының жылдың Үздік поэзиясы» аталымының иегері, ақын Мерей Қарт Бас жүлде иегері Н.Маратоваға ақшалай сыйлық ұсынды. Колледж түлегі, «Csl_group» негізін қалаушыларының бірі Төлеутаев Нұрлан Талғатұлы барлық қатысушы аруларға әртүрлі деңгейдегі заманауи курстарға сертификаттар таратты.

Сонымен қатар, «Kerbez room» көйлек салоны және «Nazok_hairstylist» салондары А.Жолдыбаеваға сертификаттар сыйға тартты.