Хабарландырулар

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» пәндік- әдістемелік комиссиясының онкүндігі қарсаңында  бүгін «Нұрсәуле» балабақшасында жоспар бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай «Жеті өнерпаз» ертегі қойылымы өтті.  Ертегіні сахналауға «Шуақ» қуыршақ театрының мүшелері қатысты. Бұл ертегіні өткізудегі мақсатымыз болашақ тәрбиеші мамандығына машықкерлерді баулу, сахналау әдісіне үйрету.

Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуімен қиялын дамытады.

Қазақ өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр- адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері- тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деген сенімде болған.  Бүгінгі өткізілген шара да өз мақсатына жетті деп ойлаймын.

Ендігі мақсатымыз театрлық қойылымды  қала балабақшаларына тарату. Осы орайда бізге үлкен қолдау көрсетіп, мүмкіндік жасаған «Нұрсәуле» балабақшасының директоры Болатбекова Қ.Б. және ұжымға айтар алғысымыз шексіз.

Қорыта келгенде, театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр- балалар үшін мереке,демалыс орны.Ал осындай бақытқа жол ашу , болашақ тәрбиешілер үшін үлкен табыс.