Әдістемелік қызмет

24.11.2021 ж. күні М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі «Педагогика және психология» ПӘК онкүндік жоспарына сәйкес жас оқытушылар Маханбет А., Төлеуова Т.Е. жатақханада тұратын студенттер арасында “MIND-фитнес – оқуға ынталандыру” тренингін өткізді.

Мақсаты: студенттердің оқуында туындауы мүмкін кедергілерді жеңуге және олардың оқуға деген ынтасын сақтап қалу жолдарын үйрету мақсатында оқу мәдениетіне тәрбие бере отырып қолдау көрсету.

Тренинг барысында тренерлер

-Кітапты жылдам оқығыңыз келе ме?

-Миды дамытуға болады ма?

-Миға қажетті, ми жаттығуларын үйренгіңіз келе ме? деген сұрақтарды қоя отырып, әртүрлі жаттығуларды орындатты:

  • «Мидың қаншалықты дамыған деңгейін анықтайтын 6 жаттығу»
  • «Зейінді дамытуға арналған жаттығу»
  • «Кітап оқуға шабыттандыратын қанатты сөздер»
  • «Мидың жұмысын жақсартатын 5 мин медитация»
  • «Өзіңіздің бойыңыздағы жағымды қасиеттеріңізбен мақтану»
  • «Нейробика «Супер – интеллект» саусақ жаттығулары»
  • «Инсайттармен бөлісу».

Тренингке қатысушылар оқытушыларға алғыстарын білдірді және оқуға ынталандыратын осындай тренингтердің пайдасын атап өтті.