2022 жылдың 22 қазанында М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі оқытушылары мен студенттері Семей қаласының Достық үйінің әкімшілігі “Қазақ әлеуметтік-қазақ мәдени орталығы” ҚБ жастар қанаты мүшелерімен бірлесе отырып 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік концерт өткізді.
“Северный” сауда-логистикалық орталығының сахнасында өткен концертте колледж студенттері мен оқытушылары патриоттық әндер орындады. Бишілер тобы мың бұрала билесе, домбырашылар күмбірлете ойнаған күй аспан астында қалықтады. Шара Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін ұжымдық орындаумен аяқталды.