Тәжірибе

2022 жылдың 25 сәуірінде ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлері арасында «Менің педагогикалық қоржыным» облыстық қашықтық байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқаудың мақсаты – білім беру үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша педагог қызметкерлерінің шығармашылық бастамаларын дамыту.

Байқау пәнді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құрал және сабақ (оқу сабағы).

2 номинациялары бойынша өткізілді:

«Оқу әдістемелік құрал» номинациясында педагогтер оқу үдерісінде пайдаланылатын оқу-әдістемелік құралдары мен жұмыс дәптерлерін ұсынса, «Сабақ (оқу сабағы)» номинациясында оқытылатын пәннің оқу бағдарламасына сәйкес келетін кез келген тақырыпқа сабақ немесе оқу сабағын ұсыну мүмкіндігіне ие болды.

Байқауға Семей қаласы, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінен 10 мұғалім жұмыстарын ұсынып, қатысқан 244 жұмыс арасынан жүлделі орындар иеленді.

«Пәнді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құрал» номинациясы бойынша

Жумадилова Бейбитгул Толеубековна, Жамбулов Мереке Мухитович «Коньки спортының оқу-мәдени сауықтыру жұмыстарын өткізудегі ерекшеліктері»;                       Нурланова Айгерим Куандыковна, Жунусова Ляззат Байботаевна   «Мамандыққа кіріспе» І ОРЫН;  Оспанова Динара Тоқабайқызы «Балалар әдебиеті»  ІІ ОРЫН; Мусина Кулшат Сыздыковна,  Сахариева Зайда Дуйсеновна     «Қазіргі қазақ тілі және әдістемесі, каллиграфия» оқу құралы ІІІ ОРЫН.

«Сабақ» номинациясы

Жунусова Ляззат Байботаевна І ОРЫН; Нугумарова Лаура Нурбековна; Шеттыкбаева Серікгүл Серікқалиқызы;  Серікқан Азамат Ерболатұлы;  Маметекова Гаухар Серкказиновна  ІІ ОРЫН иеленді.

Тек  білім беру үрдісімен шектеліп қалмай, облыстық білім кеңістігіне шығу жолындағы қадамдарыңызға СӘТТІЛІК тілейміз