Тәрбиелік жұмыс

30-қыркүйек күні «Филология» пәндік-әдістемелік комиссиясы онкүндігі аясында мемлекеттік тілде оқымайтын топтар арасында ұйымдастырылатын колледжішілік «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» көркемсөз оқу байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілде оқымайтын жастарға мемлекеттік тіл өнеріне сүйіспеншілігін дарыту,  шығармашылық ізденіске баулу, мемлекеттік тілге құрметін  арттыру. Байқау қорытындысы бойынша Кенжебекова Бану II дәрежелі дипломмен, Вилкова Ирина III дәрежелі дипломмен және сыйлықтармен, ал басқа қатысушылар сертификаттармен марапатталды.