Бүгін 2023 жылдың 23 қазаны, 25 қазан – Республика күніне орай Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің мемлекеттік тілде оқымайтын топтағы өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты алқалы олимпиада өтті. Мақсаты: өзге ұлт өкілдерінің студенттерін мемлекеттік тілді оқуға ынталандыру, қазақ патриотизмін нығайту, тіл мәдениетін дамыту мақсатында мемлекеттік тілді жетік меңгерген дарынды жастарды қолдау, анықтау. Олимпиаданы өткізу шарттары:
Олимпиада мемлекеттік тілде өтті.
Олимпиадаға мемлекеттік тілде оқымайтын топтардан өзге ұлт өкілдері қатысты.
Олимпиаданың әділ қазылар алқасының төрағасы: «Филология» пәндік-әдістемелік комиссиясының оқытушысы – Касымжанова Гауһар Қаржасқызы. Әділ қазылар алқасының мүшелері: «Филология» пәндік әдістемелік комиссиясының төрайымы – Нұғымарова Лаура Нұрбекқызы. «Филология» пәндік-әдістемелік комиссиясының оқытушылары – Қалиева Бақытгүл Саятқызы, Мусанова Адина Дашақызы.
Олимпиада қорытындысы бойынша: МНО 22-11 тобының студенттері Абашева Ульяна – 1 орын, Павленко Анна – 2 орын, МНО 21-09 тобының студенті Прохорова Снежана – 3 орын және дипломдармен марапатталды. Қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздары облыстық кезеңге өтті.