«Бастауыш білім беру» бөлімінің 41 топ машықкерлері және “Дене тәрбиесі және спорт” бөлімінің 403 топ машықкерлері 12.01.2023 – 22.02.2023 күндер аралығында “Дипломалды іс-тәжірибесінен” ауыл, қала мектептерінен өтіп келді.
15.03.2023 күні ДІТЖО Искакова К.А, іс-тәжірибе жетекшілері Калкенова Б.Ж, Шаймарданов А.Қ. ұйымдастыруымен «Дипломалды іс-тәжірибе – болашақ маманның алғашқы баспалдағы» тақырыбында мемлекеттік іс-тәжірибенің қорытынды конференциясы өткізілді.
Конференцияның мақсаты:
Дипломалды іс-тәжірибенің қорытындысын шығару, 3 курс студенттерімен тәжірибе алмасу.
Конференция міндеттері:
– Студенттердің дипломалды іс- тәжірибеден жинақтаған білімдерін пысықтау.
– Құжаттар көрмесін ұйымдастыру.
Конференция барысында машықкерлер мемлекеттік іс-тәжірибеге дайындық кезеңі, іс-тәжірибе барысында қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәні, математика, жаратылыстану, дүниетану пәндерінде қолданылған әдіс-тәсілдермен, кездескен қиындықтармен, олармен күресу жолдарымен және іс – тәжірибеден алған өз әсерлерімен бөлісті;
Сондай – ақ, сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастырудағы өзекті тақырыптарды талдап, ата-аналар жиналысы, кәсіптік бағдар беру жұмысының есебін берді.
Конференцияға қатысқан III курс студенттеріне “Бүгінгі конференциядан өздеріне не алды?, ” “Мемлекеттік іс- тәжірибе кәсіби қалыптасудың басты кепілі бола алады ма?” тақырыбында «Ашық микрофон» ұйымдастырылды.
Конференция машықкерлерге іс-тәжірибе барысында көрсеткен жоғары нәтижелері үшін мектеп әкімшілігінен берілген алғыс хаттарды табыстаумен аяқталды.