Тәрбиелік жұмыс

Бүгін, 2022 жылдың 16 наурызы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.   Президент “Жаңа Қазақстанды құру” жолында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқандығын атап өтіп,   “ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР ” оқиғасына тоқталды.  Жолдауда жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар қамтылды. Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Мемлекет басшысының Жолдауын сағат 11:00-де М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушылары мен жұмысшы-қызметкерлері, студенттері де  тыңдады. Біздің ендігі міндетіміз осы Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ету.  Алдағы уақытта ұжым болып, Президент белгілеген саяси шешімдерді толықтай қолдай отырып, ондағы негізгі міндеттерді іске асыруға  үлес қосатын боламыз.