Хабарландырулар

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

«МАМАНДЫҚТЫҢ БӘРІ ЖАҚСЫ ТЕК ТАҢДАЙ БІЛ»

М.О.Әуезов Атындағы Педагогикалық Колледжі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» ПӘК онкүндігі аясында 03.03.2021 жылы күні ЖШС «Erudit Kids»  балабақшасында 405 тобының машықкері Асылбек Риза, әдіскері Маметекова А.С. ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.

Мақсаты: Мамандық түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Мамандық иелері және олардың құралдарымен таныстыру.

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне «Funny kids» ересек тобынан 8 бала қатысты.

Сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ағылшын тілінде  шаттық шеңбері ұйымдастырылып, бейне материал арқылы мамандық түрлері туралы түсініктері қалыптастырып, тілдерін жаттықтырды.

Мамандықтарды таныстыру барысында үш тұғырлы компонент қолданылып, есте сақтау қабілеттерін дамытуда дидактикалық ойындарды тиімді қолдана білді.

Балаларды ынталандыру арқылы жағымды қарым-қатынас қалыптастыруға тырысты.

Машықкерге Мемлекеттік іс-тәжірбиені штаттық түрінде өтуіне жағдай жасаған ЖШС «Erudit Kids»  ұжымына алғысымызды білдіреміз.