Хабарландырулар
20.06.2023 ж. күні М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі базасында «ТМД-да білім беруді ілгерілету жөніндегі халықаралық қор» қоғамдық қоры және Абай облысының білім басқармасының облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы Абай облысының мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары, әдіскерлері мен педагогтері үшін «Оқыту және тәрбиелеу жүйесін трансформациялау жағдайында мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау және арттыру» атты жобаның тұсаукесерін өткізді.
Жоба ұсынылымына Абай облысының Семей, Курчатов, Абай, Ақсуат, Бородулиха, Жарма, Көкпекті аудандарының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері қатысып, жобаны жүзеге асыру бойынша мәселелерді талқылады.
ECERS бағдарламасы бойынша модульдік оқытуды енгізу жобасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру аясында әзірленіп отыр.
️Модельге сәйкес бүгінгі күні жоғары оқу орындары мен колледждер мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің сапалық деңгейін арттыру бойынша жұмыс жасауда.
Мектепке дейінгі білім берудің сапасын бағалау жүйесін, қызметтер сапасын арттыру мақсатында зерттеулер негізінде мектепке дейінгі тәрбие сапасын тәуелсіз ұлттық бағалау жүйесін әзірлеу және енгізу жоспарланып отыр.
Іс шараға қатысушыларды колледж директоры Ш.А. Жанаева 120 жылдық тарихы бар Алаштың тұңғыш білім ордасының тарихымен таныстырып, «WorldSkills» стандарттары бойынша заманауи жабдықталған «Мектепке дейінгі тәрбие», «Бастауыш білім беру» құзіреттілік орталықтарына экскурссия жүргізді.
Жоба тұсаукесерінің практикалық бөлімінде барлық қатысушылар «Өсу нүктелері» құзіреттілік орталықтары», «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог» республикалық пилоттық жоба алаңы №7 «Ақбота» бөбекжай бақшасына барып, тәжірибе жинақтап, ұсыныстар шығарды.