Әдістемелік қызметХабарландырулар

2019-жылдың 22-сәуірінде  М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің   жоғары санатты оқытушысы М.С. Комаева «Психология» пәнінен  «Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуы» тақырыбында  01010013  «Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі» біліктілігінде оқитын ІІІ курс студенттерімен облыстық деңгейде онлайн сабақ өткізді. Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуы туралы алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана алуға үйрету, баланың сенсорлық  дағдыларын қалыптастыру жолдарын анықтау, полимәдениетті тұлға қалыптастыру мақсатында өткен сабақта оқытушы  оқытудың нтербелсенді әдістерін қолдана отырып, тілдің үштұғырлығына көңіл бөлді. «Атаулы үш сұрақ» жаттығуы,  «Сұрақты қағып ал» әдісі, «Стикердегі диалог»,  «Сенсорлық ойындар көрмесі» тапсырмалары өте қызықты болып, балаларды ізденушілікке, зерттеушілікке итермеледі. Сабақтың соңында тақырып бойынша жаднамалар құрылып, ұсыныстар шығарылды. Сабақ жеке тұлғаға бағдарлаған технология негізінде әр студенттің таным қабілетін дамытуға бағытталды. Маржан Сейфуллаевна студенттердің ақыл-ой қабілетінің зеректілік, зейінділік, ойлау,сөйлеу дербестігі, байқағыштық сияқты элементтерін тиімді пайдалана отырып, теориялық білімді білім алушылардың өз беттерімен меңгеріп, бекітуіне бағыт-бағдар бере алды. Сабақ мектепке дейінгі инновациялық технологиялар дəрісханасында өткендіктен практикалық түрде берілген тапсырмалар студенттердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға тиімді болды. Сабақ әріптестер тарапынан жоғары бағаланды.