«Білім-өркениет өрісі» тақырыбында, білімалушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту, кәсіби тұлғаландыруда цифрлық сауаттылығын арттыру арқылы бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында 2021-2022 оқу жылының 18-28 қазан аралығында «Математика және информатика» пәндік әдістемелік комиссиясының онкүндігі жоспарланды.
18.10.2021 жылы онкүндікке жолдама ретінде МИФ марафоны өткізілді. Марафонға колледж студенттері қатысты. Мақсаты студенттерді математика, информатика және физика пәндерінен алған білімдерін жинақтап ортаға салуға үйрету, олардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, интелллектуалдық қабілетін дамыту, бір-бірінің пікірін, ойын тыңдау арқылы сөйлеуге дағдыландыру. Бір-бірімен ой бөлісіп, бағалауға, топтық ережелерді сақтай отырып жұмыс жасауға тәрбиелеу болды.
19.10.2021 жылы колледжішілік «Әлемнің ғажайып үш тірегі» плакаттар конкурсы өтті. Конкурсқа 16 топ қатысты. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптарға сай келіп, 45,3 балл жинап I-ші орынды БББ-21-11, 39,7 баллмен II-орынды КЕ-21-09 және ШТ-21-09-01 топтары, ал 35 балл жинап III-орынды ББ-21-09-01, ШТ-21-09-02 топтары иеленді.
20.10.2021 жылы І-IV курс студенттері арасында Ахметова А.К мен Сулейменова М.Б бастауымен колледжішілік «Нақты ғылымдар тілінде» атты математикалық квест ойыны өткізілді.
«Математикалық квест» – бұл станциялар арқылы ойын-саяхат, онда топтарға тапқырлық үшін әр түрлі математикалық тапсырмалар ұсынылады, кейбіреулері практикалық сипатта болады, практикалық және қол жетімділігін көрсетеді.
Мақсаты: Білім алушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдері мен біліктерін бекіту.
Міндеттері:
- студенттердің пәнге деген тұрақты танымдық қызығушылығын ояту және дамыту;
- логикалық ойлауды дамытуға, тез ойлана білуге және дұрыс шешім қабылдауға ықпал ету;
- студенттердің тапқырлығын, түйсігін дамытуға ықпал ету;
- топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
- математикалық ойлау мәдениетін тәрбиелеу.
Квест ойыны 3 кезеңнен тұрды.
- 1- бекет. «Математика – ақыл-ой гимнастикасы»
- 2-бекет. «Математикалық термин құрастыру»
- 3-бекет. «Сиқырлы суреттер мен таяқшалар»
«Математикалық квест» ойынына 4 топ қатысты. Өздерінің алғырлығы мен білімділігімен «Интеграл» тобы жеңіске жетті.
21.10.2021 жылы «Физика» пәнінің оқытушысы Шеттыкбаева С.С І курс студенттер арасында колледжішілік «Физикалық демонстрациялы тәжірибелер» атты ашық зертханалық жұмыстар шеруін өткізді.
Мақсаты: Білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
- Физикалық приборлармен жұмыс жасауға дағдылану;
- Құбылыстар мен заңдарды меңгеру;
- Физикалық ойлау қабілетін жақсарту.
«Физикалық демонстрациялы тәжірибелер» атты ашық зертханалық жұмыс нәтижесінде білім алушылар зертханалық тәжірибелер мен дәлелдемелерге көз жеткізді.
Зертханалық жұмысқа құрама 3 топ қатысты. Топтар арасында 1-ші орынды «Эйнштейн», 2-ші орынды «Күш», 3-ші орынды «Ньютон» топтары алды.
22.10.2021 жылы «Жас математик» атты қалалық интеллектуалды қашықтық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға әр мектептен 9-сынып негізінде 1, 11-сынып негізінде 1 оқушыдан қатысты. Олимпиадаға қатысуға өтінім берген оқушылар саны 73. Олимпиада Zoom қосымшасы негізінде және https:/quizizz.com/admin/quiz// сайты арқылы тест түрінде алынды.
Олимпиаданың қазылар алқасы мүшелерiнiң құрамы: Семей қаласындағы «Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен» Маметреева Сана Оралбекқызы мен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінен Жангалиева Айман Тұрсынбековна.
«Жас математик» атты қалалық интеллектуалды қашықтық олимпиаданың ашылуы барысында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша жинаған ұпай сандарына сай жүлделі орындар берілді.
«Жас математик» атты қалалық интеллектуальды қашықтық олимпиада қорытындысы
Итоги городской интеллектуальной дистанционной олимпиады «Жас математик»
9 сынып (қазақ)
№ | Қатысушының толық
аты-жөні |
Мектептің атауы | Оқыту тілі, сыныбы | Орын | Жетекшісінің аты-жөні | |
1 | Ихтисат Айғаным
Шалқарқызы |
№22 ЖОББМЛ | Қазақ
9«Г» сынып |
1 орын | Толқын
Дана |
|
2 | Әлібекқызы Арайша | «№38ЖОББМЛ» КММ | 9 | 1 орын | Калиакпарова Айнаш Мукатаевна | |
3 | Сәбитова
Сая Мейрамқызы |
«Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі» | Қазақша , 9 сынып | 2 орын | К.Ж Хамитжанова | |
4 | Дүйсенбаева Дана Ғалымбекқызы | «13 ЖОББМ» КММ | Қазақша | 2 орын | Киякбаева Айнур Амановна | |
5 | Амангелдинова Ляззат Бауыржанқызы | КГУ «Гимназия № 6. Г. Семей» | казахский
9 класс |
2 орын | Бейсенбекова Меруерт Бейсенбековна | |
6 | Галиева Акнур Бауыржановна | №48 ЖОББМ | 9 | 2 орын | Ахметова НазираАлпысбаевна | |
7 | Оспаева Еркежан Қуанышқызы | «№26 ЖОББМ» КММ | Қазақша
9 сынып |
2 орын | Балапанова Құралай Сәулебекқызы | |
8 | Касымханова Сания | ШҚО Білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
“№36 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ |
Қазақша
9 «а» |
2 орын | Тансыкожина Айнаш Узбековна | |
9 | Баянова Ақниет Нұржанқызы | «Ж. Аймауытов атындағы ЖОББМ» КММ | Қазақ тілі
9 |
2 орын | Кырыкбаева А.С. | |
10 | Ахметова Назерке | «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдықмемлекеттікмекемесі |
қазақ | 2 орын | Дәуітбек А.С. | |
11 | Манабаев Арнұр | КММ “ЖОБММ №49” | қазақша, 9 сынып | 3 орын | Мұхаметсадық Н.Қ. | |
9 класс (русский)
№ | Фамилия имя уч-ся | Школа | Класс, язык обучения | Место | Руководитель, учитель-предметник |
1 | Кабдыгалиев Толеген | №12 ЖОББМ
|
Русс
9 В класс |
1 место | Камбышева Кенжезия Шаймардановна |
2 | Алеев Альтемир Мухаметалеевич | Экономикалық лицей КММ | 9 | 1 место | Айтказина К.К. |
3 | Накоряков Данил Валерьевич | КГУ «Средняя общеобразовательная школа №29» | русский | 1 месо | Божко Юлия Александровна |
4 | Козенко Арина Александровна | ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Озерки жалпы орта білім беретін мектебі» КММ | 9 сынып, орыс тілі | 1 место | Абдуахитова Гульфруза Сарсенбековна |
5 | Хасанов Ильдар | №1им. Н.Г. Чернышевского | 9 «А» русс. | 2 место | Гордиенко Анастасия Владимировна |
11 сынып (қазақ)
№ | Қатысушының толық
аты-жөні |
Мектептің атауы | Оқыту тілі, сыныбы | Орын | Жетекшісінің аты-жөні |
1 | Шарипхановна Сабина Кайыржановна | «13 ЖОББМ» КММ | Қазақша | 1 орын | Карпаева Меруерт Казбековна |
2 | Ордабаева Аружан Болатқызы | №22 ЖОББМЛ | Қазақ
11 «Ә» сынып |
1 орын | Рамазанов
Еркебұлан Рамазанұлы |
3 | Сәкенова Дина Әлқуатқызы | «№26 ЖОББМ» КММ | Қазақша
11сынып |
2 орын | Шотабаева Бакытгул Жанибековна |
4 | Жұмабеков Бақдәулет Мұхтарұлы | №31 орта мектеп | қазақ тілі, 11 «А» | 2 орын | Айтмағанбетова Жанар Тлеуғабылқызы |
5 | Аманғазинова Әйгерім
|
КММ “ЖОБММ №49” | қазақша, 11 сынып
|
2 орын | Берікқанов Р.Е.
|
6 | Шаған Асылым Асқарқызы | «Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі» | Қазақша , 11 сынып | 2 орын | К.Ж Хамитжанова |
11 класс (русский)
№ | Фамилия имя уч-ся | Школа | Класс, язык обучения | Место | Руководитель, учитель-предметник |
1 | Аханова Зарина Баязитовна | КГУ СОШ-лицей 7 | Орысша
11 А |
1 место | Шукыжанова А.С |
2 | Пуртова Ульяна Алексеевна | КГУ «Специальная школа-интернат №3»
|
Русский,
11 класс |
1 орын | Валиева Салтанат Аскаровна |
3 | Қалқаманова Диана Қайратқызы | №12 ЖОББМ
|
Русс
11 A класс |
2 орын | Камбышева Кенжезия Шаймардановна |
4 | Амангельдыева Малика Адылхановна | Экономикалық лицейі КММ | 11 | 2 орын | Байдюсенова Л.Б. |