«Математика және информатика» пәндік әдістемелік комиссиясының онкүндігі өз жалғасын табуда.
25.10.2021 жылы І курс студенттеріне информатика, математика, физика пәндері бойынша колледжішілік олимпиада өткізілді.
Математика пәнінен олимпиада екі турдан тұрады. Бірінші тур тест Quizizz.com сайты арқылы алынады. Онда ұпай саны жоғарыдан төмен қарай автоматты түрде ретпен орналасады және шапшаңдықты қажет ететін бағдарлама болып табылады. Барлығы 23 білім алушы қатысты, соның ішінен 2 турға өткен 11 білім алушы. Екінші тур жазбаша түрде құрастырылған есептерді шығару арқылы жүргізіледі. Математиканың олимпиада есептерін шығару үшін білім алушының негізгі орта білім мазмұнын игергені және колледжде алған теориялық білімін пайдалану қажет болды. Жазбаша жұмысты комиссия мүшелері тексеріп, жеңімпаздарды анықтап марапаттады. І орынға ие болған ШТБ-21-09- Болатқызы Нұрсая, ІІ орын ДТ-21-09-01 Қабылбекұлы Мағжан, ІІІ орын БББ-21-09-01-Қабдиева Зере, ДТ-21-09-01-Төкенов Жәнібек.
Информатика пәнінің олимпиадасына 9 сынып базасы негізінде келген колледж білім алушыларынан 18 студент қатысты. Олимпиада екі турдан тұрды. Бірінші тур олимпиаданы ұйымдастырушының шешімі бойынша тест түрінде жүргізілді. Тест easyQuizzy бағдарламасы арқылы алынды. Онда ұпай саны автоматты түрде шығады. Жоғары ұпай жинаған студенттер 2 турға өтті Компьютерде орындаған практикалық жұмысты да комиссия мүшелері тексеріп, жеңімпаздарды анықтады.. 2 турда жоғары ұпай жинап, І орынға ие болған БББ-21-09-01 тобының студенті Жакупова Ризагүл, ІІ орын БББ-21-09-02 тобының студенті Шарипқалиева Ұлдай, ІІІ орын БББ-21-09-02 тобының студенті Сабыртаева Балжан мен ДТ-21-09-01 тобының студенті Құрманғажы Нұрдаулет марапатталды.
Физика пәнініен олимпиада қазақ және орыс тілінде өткізілді. Қазақ топтарынан 25 студент, орыс топтарынан 7 студент қатысты.
Олимпиаданың өткізілу тәртібі екі турдан тұрды. Бірінші тест түрінде жүргізілді. Студенттер «Kahoot.com» интернет саиты арқылы тест жұмысын орындады. Тест 25 сұрақтан тұрды. Жоғары балл жинаған 10 студент өтті. Екінші тур бойынша 3 есеп берілді. Нәтижесінде қазақ топтары бойынша: Муфталова Айдана СЖО -21-09 тобының студенті – І орын, Бекова Айзере БББ 21-09-01 тобының студенті – ІІ орын иеленді.
Орыс топтары бойынша Прохорова Снежана МНО 21-09 тобының студенті ІІ– орын, Моор Алена МНО 21-09 тобының студенті ІІІ – орын иеленді.