2020 жылдың 24 қазаны күні Семей қаласының М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Математика және информатика» ПӘК ұйымдастыруымен колледж ішілік I кустар арасында “Математика” пәнінен қашықтан олимпиада өткізілді..
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты:
-колледж білім алушыларының математика пәнінен білімі, білік, дағдыларын тексеру арқылы математикаға қабілетті білім алушыларды анықтау.
Мiндеттерi:
– білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
– математика есептерін шешуде жаңа әдістерді меңгерту, тәжірибе жүзінде математикалық білімді қолдану дағдысы мен білігін дамыту
– заманауи қоғамда адам өмірне қажетті практикалық мәселелерді шешу мен жалпы бағдарға қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру.
Олимпиадаға 24 білім алушы қатысты. Олимпиада екі турдан тұрады. Бірінші тур олимпиаданы ұйымдастырушының шешімі бойынша тест түрінде жүргізіледі. Тест Quizizz.com сайты арқылы алынады. Онда ұпай саны жоғарыдан төмен қарай автоматты түрде ретпен орналасады және шапшаңдықты қажет ететін бағдарлама болып табылады. Жоғары ұпай жинаған студенттер 2 турға қатысады. Екінші тур жазбаша түрде құрастырылған есептерді шығару арқылы Zoom қосымшасында онлайн жүргізіледі. Есептер шығарылып болғанан кейін 2 минут ішінде WatsApp желісі арқылы тапсырманы жіберу қажет. Математиканың олимпиада есептерін шығару үшін білім алушының негізгі орта білім мазмұнын игергені және колледжде алған теориялық білімін пайдалану қажет болады. Жазбаша жұмысты да комиссия мүшелері тексеріп, жеңімпаздарды анықтайды.
I тур – тест. Тест 25 сұрақтан тұрады. Олимпиада материалдарында теңдеу, теңсіздік, арифметикалық және геометриялық прогрессиялар, өрнекті ықшамдау, пропорция, анықталу облыстарын табу тақырыптары қамтылған. II кезеңге өту үшін 15 ұпайдан жоғары ұпай жинау шарт. I кезеңнің тапсырмасын орындауға 40 мин беріледі.
II-тур– математикалық тапсырмалар. Тапсырмаларды орындау келесі тақырыптар бойынша беріледі:
- Өрнекті ықшамдау
- Теңдеу
- Теңдеулер жүйесі
4.Геометрия
- Логикалық есеп
Бағалау критерийлері:
- Әр бір есеп 10 балды құрайды
- II-турға берілген уақыт 40 минут
I орын – 50 балл
II орын – 40 балл
III орын -30 балл
Қатысушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар берілді.