Хабарландырулар

ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ф.ғ.к., ҚПА корреспондент-мүшесі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, “Семей қаласына сіңірген еңбегі үшін” медалінің иегері, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры Шағангүл Алдамжарқызы Жанаева ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш. Шағангүл Алдамжарқызы, Сіздің еңбегіңіздің мемлекеттік деңгейде бағаланып, “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталуыңызбен құттықтаймыз! Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттеріңіз – біз үшін үлгі-өнеге! Сізді іскер басшы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтамыз. Мерейлі сәттеріңіз еселене берсін!