ҚАЗКСР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ҒАЛЫМ, ЖАЗУШЫ М.О.ӘУЕЗОВТІҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОЛЛЕДЖІШІЛІК «М.ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
Конференцияның өткізілу мақсаты-М.О.Әуезовтің шығармашылық мұрасы мен әуезовтану мәселелерін зерттеудің және оны оқытудың өзекті мәселелерін талдау. Заманауи әлемде қазақ әдебиетінің классигі М.О.Әуезовтің қалдырған мұрасының ролі мен маңыздылығын тану. М.О.Әуезовтің ғылыми мақалалары мен очерктерін зерттеу. М.О.Әуезов өмірі мен шығармашылағының зерттелу тарихын, қазіргі әуезовтану ғылымының бағыт-бағдарын зерделеу. Әуезов шығармаларын оқытуда білім алушылар бойында жалпыұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары туралы тәжірибе алмасу. Секциялық отырыс тақырыптары төмендегідей:
-М.О.Әуезовтің ғылыми мақалаларындағы әдіснамалық идеялар және очерктерінің көркемдік ерекшеліктері;
-Әуезовтану мәселелері. М.О.Әуезов шығармашылығын зерделеу және насихаттау;
-Сабақ үрдісінде М.О. Әуезов шығармаларын кіріктіріп оқытудың тиімді әдістері.
Қатысушылардың баяндамалары төрт критерий бойынша алынған құзыреттілік көрсеткіштері негізінде бағаланды және жоғары ұпай жинаған «Үздік баяндамашы» жеңімпазы анықталып, нәтижесінде І дәрежелі диплом жас маман, шет тілі пәнінің оқытушысы Сакенова Аяулым Тилеукабыловна, ІІ орын қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Қасымжанова Гаухар Қаржасқызы, ІІІ дәрежелі дипломды шет тілі пәні оқытушысы Койгельдина Бакытгул Жумагалиевна иеленді. Қалған қатысушылар колледж директорының алғыс хаттарымен марапатталды. Конференцияны ұйымдастырушылар әдістемелік бөлім және «Филология» ПӘК оқытушылары.