АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫНА – 120 ЖЫЛ
М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАН БАСТАУ АЛДЫ.
18.06.2024 ж. күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде WorldSkills стандарты негізінде «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша демонстрациялық (қорытынды) емтихан басталды. Бұл 2023-2024 оқу жылындағы қорытынды аттестаттау бойынша тапсырылатын кешенді емтиханның ерекшелігі – бұрынғыдай билет суырып, билет бойынша емтихан тапсыру емес. Демонстрациялық емтиханда әр білім алушы өзі меңгерген біліктілікті іс жүзінде дәлелдейді. Яғни, білім алушы емтихан алушылардың (емтихан қабылдайтын комиссия мүшелері жұмыс берушілерден құралады) алдында нақты тапсырма бойынша білімін практикалық тұрғыда қорғап шығуы керек. Комиссия мүшелері емтихан тапсырушының жұмыс орнын дайындауынан бастап аяқтауына дейінгі әрекеттерінің бәрін бағалайды. Мысалы, “А модулі”: Интерактивті жабдықты пайдалана отырып, бастауыш сынып оқу пәндерінің бірі (“Қазақ тілі”/”Орыс тілі”, “Математика”, “Жаратылыстану”) бойынша сабақ фрагментін әзірлеу, әдістемелік сүйемелдеу және өткізу (жаңа білімді меңгерту кезеңі). A1. Сабақ фрагментінің қысқамерзімді жоспарын әзірлеу (жаңа білімді меңгерту кезеңі), (интернетсіз); А2. Интерактивті жабдықты қолдана отырып, сабақтың үзіндісін (жаңа білімді меңгерту кезеңі) көрсету үшін дидактикалық материалдар дайындау: А3. Интерактивті жабдықты пайдалана отырып, бастауыш сыныптарда оқу пәндерінің бірі бойынша сабақ үзіндісін (жаңа білімді түсіндіру кезеңі) өткізу. Осы аталған тапсырмаларда келесі бағалау критерийлері қарастырылады, ол – жоспарланған пәндік нәтижелердің қойылған міндеттерге сәйкестігі; Сабақ үзіндісінің қарастырылған кезеңдері жаңа білімнің ашылуында жүйелілігінің (логикасын ) көрсетілуі; Білім алушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың кемінде үш формасының қарастырылуы (жаппай, дербес, жұптық, топтық); Интерактивті құралдарды қолдана білуі; Сабақтың әр кезеңінде дидактикалық құралдардың тиімді пайдалануы; Оқу мазмұнының сабақ тақырыбына сәйкестігі; Оқушылардың арасында дұрыс психологиялық қарым-қатынас орната білуі; оқушыларды бағалауы және тағы с.с. көптеген бағалау критерийлерімен демонстрациялық емтиханның бір ғана модулі бағаланады. Мұндай тапсырмалар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін бағалауға мүмкіндік береді.
Ертеңгі күні, демонстрациялық емтиханға қатысып жатқан білім алушылар келесі “В модулі”: Интерактивті жабдықты пайдалана отырып, білім беру бағыттарының бірі (эстетикалық, экологиялық, адамгершілік тәрбие) және нысаны бойынша сыныптан тыс іс-шараларды әзірлеу және өткізу тапсырмасын қорғайды. Білім алушыларымызға сәттілік тілей отырып, емтиханды сәтті тапсырып, Skills Passport ие болуларына тілектеспіз! Сәттілік!