27.03.2021 М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде бүгін 32 топ студенттерінен құралған кіші ғылыми зерттеу орталығының тағы бір жұмысы қорытындыланды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұмытылуға айналған ұлы адамдардың есімдерін кейінгі ұрпақпен табыстыру, ұлттық руханият пен ғылым және білімнің бастауында тұрған тарихи тұлғалардың ел үшін еткен еңбектері,атқарған игілікті істерін бүгінгі жастарға жеткізу мақсатында Қазақстанда мұғалімдер даярлайтын алғашқы оқу орындарының бірі- Семей педагогикалық техникумының тұңғыш директоры, осы оқу орнының түлегі болған, Алаш қайраткері, ҰЛЫ ПЕДАГОГ ӘБІКЕЙ СӘТБАЕВҚА 140 ЖЫЛ толуына орай жинақталған зерттеу жұмыстарына арналған видеоматериал түсіріп, ашық тәрбие сағатын көпшіліктің назарына ұсынбақшы. Қазақ елінің маңдайалды тарихи тұлғалары Жүсіпбек Аймауытов, Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан сияқты болашақ ұлыларға дәріс беріп, жөн жоба сілтеген Әбікей Зейінұлы Сәтбаев еңбегінің нәтижесін кейінгі заман өзі дәлелдеп жатыр. Болашақ педагог мамандар ұлттық рухымызды көтеруге ат салысып, тиянақты жұмыстар атқарды. Атқарылған жұмыстары үшін топ студенттеріне жетекші ретінде үлкен алғыс айтамын!