ТәжірибеХабарландырулар

Байқау мақсаты:
• Колледж әдіскерлерінің педагогикалық шеберлігін және кәсіби біліктілігін арттыру, әдіскерлердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;
• Әдіскерлердің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу тәсілдерін, біліктіліктерін арттыру, заманауи білім беру жүйесіне сәйкес жаңашыл әдіскерлерді анықтау;
• әдіскерлердің кәсіби құзырлылығын, әлеуметтік мәртебесін арттыру.

Байқауға оқу жылдың басында әдіскерлер іріктеліп, жыл бойы кезең – кезең бойынша алдарына берілген тапсырмаларды орындады. Мысалы,
– әдіскерлер дайындаған машықкерлер серіктестік мекемелерде көрсетпе сабақтарын берді;
– байқауға қатысушы әдіскерлер әдістемелік пән бойынша ашық сабақтар өткізіді;
– ғылыми әдістемелік шығармашылық жұмыстарымен айналысты;
– саңғы кезеңінде шығармашылық көрме көрермендер алдына ұсынып, «Мен Әдіскермін» тақырыбын қойылыммен сахна төрінде қорғап шықты.
Байқау қорытындысы бойынша «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша оқытушы Қарлығаш Құндызбекқызы «Ізденімпаз әдіскер» номинациясымен; «Шет тілі» мамандығы бойынша Маметекова Гаухар Серікқазықызы «Шығармашыл әдіскер» номинациясымен; «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша Умарбекова Фарида Нуртаевна «Креативті әдіскер» номинациясымен; «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» Мукышева Сәлима Алпысовна «Мобильді әдіскер» номинациясымен марапатталды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқытушы Калиева Сара Сырымқызы «Бас жүлдені» иеленіп, «Үздік әдіскер-2019» байқауының жеңімпазы атанды.