Әдістемелік қызметХабарландырулар

Форум «Жастар жылы» аясында  ІІІ – ІV курс білім алушылары арасында дарынды жастарды қолдау, қолжетімді және сапалы нәтижеге бағытталған кәсіптік білім беруді насихаттау, болашақ мамандардың     кәсіби   беделді   тұлғасын   қалыптастыру,  ең үздік студенттердің  жұмыстарын  жарнамалау          және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.  Форумның бірінші күні «Үздік курс жұмысы» байқауы ұйымдастырылып, курс жұмыстары үздік деп бағаланған бітіруші курстың  32 білім алушылары  тәуелсіз сарапшылардың алдында «Педагогика, психология», «Жеке пәндер әдістемесі», «Шет тілі және оны оқыту әдістемесі», «Қазақ тілі және әдебиет» бағыттары бойынша өз жұмыстарын қорғады. Әр бағыт бойынша «Үздік курс жұмысы»  байқауы жеңімпаздары мен ғылыми жетекшілері және  «Ғылымға алғашқы қадам» номинация иегерлері анықталды. Жеңімпаздарды салтанатты жиында марапаттау форумның екінші күніне  жалғасты. Колледж директоры, ф.ғ.к. Шағангүл Алдамжарқызы ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметінінің жоғары деңгейін көрсете білген дарынды жас зерттеушiлер мен ғылыми жетекшілеріне Шыңғыстаудағы Қоңыр әулие үңгіріне саяхаттауға жолдама  сертификатын табыстады. Форум аясында сонымен қатар үздіктер шеруі ұйымдастырылып,  ғылыми-практикалық конференция, кәсіби,  өнер байқаулары мен  спорт турнирлері жеңімпаздарына құрметпен қошемет көрсетілді. Форумда  колледж түлектері оқу орны білім алушыларымен кездесуге келген  қазақстандық өлкетанушы-тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихшыларының Ұлттық Конгрессінің бас директоры, Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің ректоры Ескендіров Мейір Ғариполлаұлымен сұхбатта  көкейтесті сұрақтарына жауап ала алды. Киелі қара шаңырақ, Алаштың білім ордасы – М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж ұжымы атынан  оқу орны директоры Ш.А.Жанаева жастардың зияткерлік, шығармашылық әлеуетін дамытудағы  қажырлы еңбегі үшін  оқу орнының серіктесі, Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ ректоры Мейір Ғариполлаұлына алғыс білдіріп, М.О.Әуезов төсбелгісімен марапаттады.