М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі жас ұрпаққа білім мен тәрбие берумен қатар, мүмкіндігінше мейірім мен қамқорлық қолын да созып келе жатқан бірлігі жарасқан ұжым. «Жетім көрсең – жебей жүр» деген халықтық ұғымды жадында ұстайтын мекеме жыл сайын бір күндік еңбек жалақысын аудару арқылы 2014 жылы өз түлегі Кузбасова Әйгерімге төрт бөлмелі пәтер кілтін табыстаған болатын. Бүгін сол игілікті шара өз жалғасын тауып, оқу орнының 2017 жылғы түлегі Қостаева Назеркеге колледж директоры Ш.А. Жанаева қаламыздың Шығыс кентінде орналасқан бір бөлмелі пәтер кілтін табыстады. Қайырымдылық шарасына Қостаева Назеркенің апасы және Кузбасова Айгерим келіп, қайырымдылық көрсеткен ұжым мүшелеріне зор алғыс білдіріп, сәттіліктер тіледі.