«ҮЗДІК ЖЫЛ ӘДІСКЕРІ» бәйгесінде бақ сынаушы 8 оқытушы-әдіскер II КЕЗЕҢГЕ өтіп, байқауды жалғастырды. Байқаудың II КЕЗЕҢ тапсырмасы: әдістемелік арнайы пәннен бейне-сабақ әзірлеу болды.
Байқаудың II кезеңінің мақсат – міндеттері:
– Әдіскерлерінің шығармашылық ізденісі мен қабілеттілігін дамыту, үздік әдіскерлерді насихаттау;
– Қашықтықтан оқыту мүмкіндігін кеңейтуде заманауи білім технологияларын пайдала отырып, арнайы пәндер бойынша өткізілген үздік бейне-сабақтарды іріктеу;
– Оқытудың қашықтық нысаны жағдайларында өткізілетін бейне-сабақтардың әдістемелік жаңғыруын жетілдіру, дамыту;
– Үздік бейне-сабақтар қорын жинақтау, тәжірибе алмасу.
Байқауға қатысушылар үлгілік оқу бағдарламалары негізінде 2-4 курстарда өтетін әдістемелік пәндерден қашықтықтан оқыту форматында өткізілген бейне-сабақтарын ұсынды.
Бұл байқауда білім беру саласында табанды еңбек етіп жүрген тәжірибелі әдіскер-оқытушылар өз тәжірибелерін, әдістемелік құзыреттіліктерін:
– инновациялық технологияларды қолдану;
– ІТ қолдану құзіреттілігі;
– Бейне-сабақ материалының грамматикалық, стилистикалық, орфографиялық сауаттылығы;
– Бейне-сабақты ұсыну креативтіліктерін жоғары деңгейде көрсете білді.
II кезеңнің нәтижесі бойынша 5 әдіскер III кезеңге өтті. Әдіскерлердің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу, біліктіліктерін арттыру, заманауи білім беру жүйесіне сәйкес жаңашыл әдіскерлерді анықтау, шығармашыл қабілеттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқаудың III кезеңінен оқытушы-әдіскерлердің «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» демекші, сүрінбей сәтті өтулеріне және «ҮЗДІК ЖЫЛ ӘДІСКЕРІ» байқауының жеңімпазы болуларына тілектеспіз!