ТәжірибеХабарландырулар
Байқау мақсаты:
• Колледж әдіскерлерінің педагогикалық шеберлігін және кәсіби біліктілігін арттыру, әдіскерлердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;
• Әдіскерлердің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндіктерін, біліктіліктерін арттыру, заманауи білім беру жүйесіне сәйкес жаңашыл әдіскерлерді анықтау;
• Әдіскерлердің кәсіби құзырлығын, әлеуметтік мәртебесін арттыру.
Байқауға 8 оқытушы-әдіскер қатысты, олар:
1. «Педагогика және психология» ПӘК оқытушысы, әдіскер – Алканова З.С.;
2. «Қазақ тілі және әдебиет» ПӘК оқытушысы, әдіскер – Сербурина Н.А.;
3. «Шет тілі» ПӘК оқытушысы, әдіскер – Каримова Г.Ф.;
4. «Шет тілі» ПӘК оқытушысы, әдіскер – Дүйсебаева Ә. М.;
5. «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және спорт» ПӘК оқытушысы, әдіскер – Мұхамбаев Б.Р.;
6. «Математика және информатика» ПӘК оқытушысы, әдіскер – Мусаев Қ.Ғ.;
7. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» ПӘК оқытушысы, әдіскер – Маметекова А. С.;
8. «Музыка және көркем еңбек» ПӘК оқытушысы, әдіскер – Айткожин М.К..
Оқу жылының басында әдіскерлер іріктеліп, жыл бойында кезең – кезең бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.
Мысалы, байқаудың 1-кезеңінде «Қашықтықтын оқыту–заман талабы» тақырыбында жоба қорғау (5-7 мин.);
2-кезеңі: «Қашықтан оқыту мен штаттық режимдегі іс-тәжірибе: ерекшеліктер мен қиындықтар» – мектептерде, балабақшада жаңашылдықпен ұйымдастырылған жұмыстың барысын насихаттау, үлгісін көрсету (20-45 мин., қатысушылардың берген кестесі бойынша мектепте, балабақшаларда онлайн және штаттық режимде өткізіледі);
3-кезең: қатысушының өзін-өзі презентациялауы (5 мин.).
Бүгін, байқаудың 1- кезеңінде, әдіскерлер жобаларында әр түрлі өзекті мәселелерді қарастырып, теорияны практикамен алмастыра алды, зерттеулерінің қорытынды нәтижелерін көрсете білді. Нәтижесінде барлық әдіскерлер 2-кезеңге өтті. Қалған екі кезеңнен әдіскерлердің сүрінбей сәтті өтулеріне және «ҮЗДІК ЖЫЛ ӘДІСКЕРІ» байқауының жеңімпазы аталуларына тілектеспін.
Әділқазылар мүшесінің бірі болып «№3 ЖОББ» КММ серіктестік мектебінен директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Шиянова Қарлығаш Заманбекқызы қатысты. Сізге колледж әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз.