Колледж студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибесі білімді мамандар дайындауда білім берудің ажырамас бөлігі болып есептелініп, мектептерде оқу бағдарламасы мен үрдісіне сай мамандықтарына байланысты іс-тәжірибеден өтеді. Студенттердің іс-тәжірибесі теориялық оқу барысында алған білімін нығайтуға және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді меңгеруге бағытталады. Қазіргі пандемия жағдайына байланысты М.О.Әуезов атындағы педагогокалық колледжінің білім алушылары қашықтан оқу форматына байланысты «Байқау және бақылау» іс-тәжірибесін қашықтан және кейбір өңірлерде штаттық режимде өтуде.
«Шет тілі» бөлімінің «Шетел тілі мұғалімі» мамандығында оқитын топ машықкерлерінің бірі – Жарма ауданы, Аршалы орта мектебінде штаттық режимде іс-тәжірибеден өтіп жатқан Рашканова Аяжан. Аяжан аталған мектептің 8 сыныбында ‘Steve’s blog’ тақырыбында ашық сабақ өткізді. Колледж әдіскері – Торыбаева Ғайни Нурахметовна, мектеп мұғалімі – Баканова Нуржан Дуғалиевна.
Сабақтың міндеттері: таныс емес тақырыптағы мәтіндерге қатысты айтушының пікірін немесе көзқарасын ұғу; тақырып аясындағы диалог айту кезінде өз пікірін қосып, мәтінге қатысты аргументпен сөйлесе алу; диалог барысында сыйласымдылық пен шыдамдылыққа үйрету.
Аяжанның сабағы жаңартылған білім мазмұны бойынша жоспарланған. Сабақ негізгі үш бөлімнен тұрады: сабақтың басы, негізгі бөлім, сабақтың соңы. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін «Travel to Kazakhstan» атты бейнематериал алынған, Қазақстанның көрікті жерлерін шет елдерге бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы жеткізілген аэропортта өткен диалог сәтті таңдалған. Осы диалогтан кейін сабақтың негізгі бөліміндегі мәтін, ауызша және жазбаша жаттығулар коммуникативті қарым – қатынасқа негізделген. А, В, С таратпа материалдар, сәйкестендіру суреттері арқылы оқушыларды ойланып сөйлеуге, шығармашылықпен ізденуге баулитын жаттығулар болды. Туған елінің көркем жерлеріне саяхат жасай отырып, оқушылар еркін қарым – қатынасқа түсіп, өз пікірлерін айтты.
Сабақ барысында Аяжан өзін еркін ұстады, мәдениетті, оқушылармен жақсы қарым – қатынасқа түсе білді. Дауыс ырғағы жағымды, дауысы ашық және анық, тілі жатық, ағылшын тілі интонациясы мен артикуляциясы дұрыс сақталған.