Онкүндіктің мақсаты: Жастардың патриоттық, зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында ұлттық сананы рухани жаңғырту арқылы білім беру процесін жетілдіру, студенттердің кәсіби, интеграциялық, әлемдегі құндылық-мәнділік бағытындағы құзыреттілігін дамыту.
Онкүндік барысында ашық сабақтар; «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру кезеңдері» атты семинар; студенттерге арналған «Zerde» интеллектуалды турнирі жас оқытушылар мен білімалушылардың кәсіби шыңдалуына зор мүмкіндік берді.
Сонымен қатар оқудан тыс өткен тәрбиелік іс – шаралар арқылы тиімді нәтижеге қол жеткізілді. Олар: «Музыкалық қонақжай» дәріс-концерт;. Бекен Жамақаевтың шығармашылығына арналған «Жүрегі тұнған ән еді» атты қалалық өнерпаздар байқауы; «Жасампаз жастар – еліміздің ертеңі» атты музыка пәндік әдістемелік комиссиясының оқытушылары мен студенттердің біріккен ретро караоке – концерті.