Үстіміздегі жылдың 16 наурызынан бастап мемлекетімізде жарияланған карантинге байланысты М.О.Əуезов атындағы педколледжінің əкімшілік құрамы мен оқытушылары шеттетілген еңбек режимінде, студенттері қашықтан білім алуда, жұмыскерлері бос тұрып қалу уақытына байланысты үйлерінде.
Құрметті еңбек ұжымы!
Мамыр мейрамы құтты болсын!
Киелі де құтты қазақ жері көптеген ұлт өкілдерінің тағдыры тоғысқан ортақ үйі, ынтымақ ұйыған мекені.
Егеменді еліміздегі келісім мен татулықтың тұрақтылығы – мемлекетіміздің өсіп-өркендеуінің бірден-бір алғы шарты.
Біздің əрқайсымыз еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауда өзіндік жауапкершілікте екенімізді және өз үлесімізді қосу қажеттігін естен шығармауымыз керек.
“Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп”
Семей қаласы қазақ мəдени-əлеуметтік орталығының төрағасы Ш.А.Жанаева