Тәрбиелік жұмыс

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Ұлыстың ұлы күні – 22 наурыз мейрамын тойлаудың онкүндігіне сәйкес «Көрісу күні», «Жайлау күндері» тойланды.  Сонымен қатар, халықтың эстетикалық талғамының көрсеткіші болған ұлттық киімдерді насихаттау, жас ұрпаққа таныту мақсатында мереке қарсаңында барлық ұстаздар ұлттық нақыштағы киім киіп, топтар бір-біріне «Ұлттық киім» челленджін жолдады. Ұлттық киім – ұлтымыздың айнасы. Сондықтан игі бастаманы колледж студенттері бірден қолдады. «Ең әдемі киім – ұлттық киім» демекші,  төл киімдерімізді ұмытпай, ұлттық нақышын жоғалтпай сақтау борышымыз.