2020 жылдың 16-18 қараша арасында ШҚО білім басқармасы қолдауымен М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі ұйымдастыруымен қашықтықтан Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған республикалық «Абай тағылымы-адамзаттық тағылым» атты әдістемелік-шығармашылық фестиваль өтті.
Фестиваль аясында 16 қарашада «Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты жас ақындардың мүшәйрасы офлайн нысанында өтті. Жас ақындар өздерінің шалқар шабыттары мен тың теңеулерімен көмкерілген өрнекті өлеңдерімен көзге түсті. Осы күні сырттай өткен «Өлең-сөздің патшасы, сөз-сарасы» атты Абай шығармаларына түсірілген саундтректер байқауы да тартысты өтті. Мүшайраға 41 жас ақын қатысса, саундтрек байқауында 35 студент бақ сынады. 17 қараша күні ЗУМ қосымшасында онлайн нысанда «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!» атты көркемсөз оқу байқауына 37 студент Абайдың жүзден астам өлеңдерін жатқа көркем оқып, ақыл жастан, асыл тастан деген қазақтың нақыл сөзін тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Қазақстанның 14 облысы, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының ТжКБ жүйесіндегі 47 оқу орындарынан байқауларға қатысқан студенттер арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталды.
«Абай оқулары» бойынша
Бас жүлде – Парахатова Қ., Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Гуманитарлық колледжі» МКҚК. Жетекшісі – Тулемисова Г.Е.;
1-орын – Секел Ж., Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі. Жетекшісі – Абиева К.К.
2-орын – Серікова А., Ақтөбе гуманитарлық колледжі; Жетекшілері: Жамекова Б.М., Адилова Ж.М.
2-орын – Нұрлыбекқызы А., М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі. Жетекшісі – Мендибаева М.Б.;
3-орын – Дюсенгазина Т., Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесі. Жетекшісі – Джолымбекова А.;
3-орын – Дәлібаева Ш., Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі. Жетекшісі – Абенова А.Е.,
3-орын – Кеңшілік Б., «Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесі. Жетекшісі – Ахметбекова А.Ж.
Ақындар мүшәйрасы бойынша
Бас жүлде – Гулнара Е., Павлодар қаласы Бейсен Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі. Жетекшісі – Байдәулетова Г.Т.;
1-орын – Қуанышов А., Арқалық политехникалық колледжі. Жетекшісі – Байжумина А.Х.,
2-орын – Оралханова Ә., №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық- педагогикалық колледжі;
2-орын – Есімхан С., Семей медицина колледжі;
3-орын – Рахметоллаева А., Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі. Жетекшісі – Оқасова Ғ.Т.,
3-орын – Зулпар Ә.; М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі. Жетекшісі – Дуйсенова Т. Ж.
3-орын – Галилқызы Дариға, Ақтөбе гуманитарлық колледжі; Жетекшісі – Аманова Н.Б.
Саундтрек байқауы бойынша
Бас жүлде – Нұрышова А., Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі. Жетекшісі – Абенова А.Е.;
1-орын – Сәулетұлы С., Абай Құнанбаев атындағы жоғарғы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі. Жетекшісі – Қасымова Б.С.;
2-орын – Сұлтанова Г., Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Гуманитарлық колледжі» МКҚК. Жетекшісі – Нұрланұлы Қ.;
3-орын – Закенова Г., Шығыс Қазақстан технология колледжі; Жетекшісі – Бекбаева К.
Әр байқауға студенттерін қатыстырып, бағыт-бағдар беріп отырған ұстаздарына алғысымыз шексіз.
18 қараша Фестиваль өз жұмысын «Абайтану және ұлттық руханият» дискурс, негізгі орта білім базасында қабылданған І курс студенттерімен қазақ әдебиеті пәнінен «Абай Құнанбайұлы. 32-қара сөз» тақырыбында онлайн шебер-сынып, оқу орнының іс-тәжірибе базасында машықкерлермен «Оқушылардың білімін бағалау әдістемесі» атты консалтинг, «Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту» шығармашылық идеялар зертханасымен жалғасты. «Абайтану және ұлттық руханият» атты дискурсқа қатысқан еліміздің Абайтанушы ғалымдарымен кездесу Абай мұрасынан рухани азық алып отырған жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін көтеріп, ұрпақ тәрбиесіне азаматтық ұстаным танытқан Нұр-Сұлтан қаласының «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Е.Е.Сайлаубай, Семейдің Шәкәрім атындағы МУ-нің Абайтану институтының директоры Ж.М.Әубәкір, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Т.Қ.Шаңбай, Семейдің Шәкәрім атындағы МУ Гуманитарлық ғылымдар ғылыми кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент, Дулат Бабатайұлы атындағы поэзия орталығының жетекшісі А.С.Ақтанова, Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің педагог-шебері, «Шапағат» медалінің иегері, Абайтану оқулығы авторы Г.А.Кунафина, Қазақстан Жазушылар одағының Семей қалалық филиалы төрағасы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері М. Қартқа алғысымыз шексіз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі» деген. Фестиваль барысында заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымағанының, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түскен жастардың алғыр ойы мен табанды еңбегінің куәсі болдық. Алдарыңда таудай талабы бар жанып тұрған жалынын көрсеткен жастарымызды Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарсын деп тілейміз!