М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 33 топ студенттері дәстүрлі “Ұлттық ойын – ұлт қазынасы” атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты:
– Ұлттық ойындар арқылы білім алушылардың бойында ұлттық бірегейлікті сақтау, патриоттық сезімдерін жетілдіру;
– Салауатты өмір салтына бейімдеп, кәсіби шеберліктерін арттыруға ықпал ету.
Тоғызқұмалақ, бестас, асық ату, желке тартыс, ақшамшық ойындары және қазақша күрес жөнінде мәліметтер беріліп, тәрбие сағатына қатысқан студенттермен ұлттық ойындар ойнатылды. Ұлттық ойындарға белсене қатысып, жеңімпаз атанған студенттерге арнайы сыйлықтар берілді.
Колледжіміздің тоғызқұмалақ, асық ату ойындарынан үйірме мүшелері және қазақша күрестен әркез жүлделі орындардан көрінуде.
Қазақтың салт-дәстүрін дәріптеп, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру жастардың қолында.