Хабарландырулар

М.О.Әуезов атындағы Педагогикалық Колледжі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»  ПӘК онкүндігі аясында 10.03.2021жылы күні «Дислалия,оны түзету жолдары» тақырыбында арнайы пәндер оқытушысы Маметекова Анар Сериказиновна  0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 405 топ білім алушыларымен ZOOM платформасында «Логопедия негізі» пәнінен онлайн ашық сабақ өткізді.

Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалардың тілінің бұзылу проблемасы және оларды түзету жолдарын анықтау, алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана алуға үйрету .

Анар Сериказиновна АКТ,  СТО,  Проблемалық оқыту технологиялары мен белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы студенттердің сабаққа деген қызығушылықтары мен ынталарын арттыра алды.

«Learningapps», «Padlet» онлайн ресурстарында берілген коррекциялық жаттығулар оқу материалын оңай және жеңіл түсінуге, тез меңгеруіне оң әсерін тигізді.