07.04.2023, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Педагогикалық шеберлік орталығының тренері, Дидар Эрнестовнамен “Сабақты зертттеу, Lesson Study тәсілін мектептерде қолдану” тақырыбында семинар өткізілді. Жауапты оқытушы Койгельдина Б.Ж. Семинарға қатысқан шет тілі бөлімінің 3-4 курс студенттері Lesson study тәсілі жайлы толық ақпарат алып, орындалу кезеңіндегі барлық қадамдармен танысып, мектептерде қалай іске асыруға болатыны жайлы сан түрлі мағлұматтарға қанық болды. Сабақты талқылау, сабақ жоспарына өзгерістер енгізу, сабақ жоспарының жақсартылған нұсқасын дайындау. айтылған ұстанымдарды қолданса олардың кәсіби әрекеттері «Бірлесу, ақылдасу, қолдау» ұғымдары аясында жүзеге асырылатын нақты іс тәжірибелерді көрсете отырып түсіндірді. Семинар белсенді, қызықты өтті.