Хабарландырулар

22 ақпан күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі» ПӘК онкүндігі аясында Куспанова Лаура Узакбаевна  биология пәнінен  «Эволюцияның дәлелдемелері» тақырыбында  онлайн  сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақ барысында  сын тұрғысынан ойлау, АКТ, шығармашылықпен жұмыс істеу әдіс- тәсілдерді қолданылды. Сабақта макет, муляж, микроскоп, табиғи көрнекіліктер, микропрепараттар, тақырыпқа сай  бейне материалдар көрсетілді.  Білім алушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «мозайка» ойыны және сәйкестендіру тапсырмалары ұтымды пайдаланылды.

Жаңа материалды ашу бөліміндегі бұл әдістер оқушылардың жаңа материалды тиімді меңгеруіне мүмкіндік туғызды. Сабақта жаңа білім негіздерін игерту  шығармашылық  жұмыс арқылы  жүргізіліп, тақырып ұтымды ашылды. Бағалау «Бағалау парағы» бойынша жүзеге асты.