Әдістемелік қызмет

● 2021 жылдың 16-қарашасында М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің жас оқытушылар мектебінде жас мамандармен «Курс жұмысын жаздыру әдістемесі» тақырыбында инструктивті семинар өтті.
● Мақсаты: жас оқытушыларға студентке курс жұмысын дұрыс орындатуға, курс жұмысына ғылыми жетекшілік жасауда әдістемелік көмек көрсету, бағыт-бағдар беру .
● Инструктивті семинар барысында жас оқытушылар мектебінің жетекшісі Г.К.Сарсекова мен педагогика пәнінің оқытушысы Л.Б.Жунусова курс жұмысына ғылыми жетекшілік жасауда студенттерге кеңес беруді ұйымдастыру, курс жұмысын орындауға қойылатын талаптар, курс жұмысын ресімдеу туралы ақпараттар бере отырып, студенттердің курс жұмысын уақытында орындауларын қадағалау керектігі туралы кеңестер берді.
● Жас мамандар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды. Өздері үшін тиімді мәліметтер алғаны туралы кері байланыс жасады.