Әдістемелік қызмет

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, «Шет тілі» бөлімінің 1-2 курс білім алушылары арасында қазақ,орыс,ағылшын тілдерінен колледжішілік «ТІЛДАРЫН-2021» олимпиадасы өткізілді.Олимпиада білім алушылардың тіл мәдениетін жетілдіру;тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу;Қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу;үш тұғырлы тілді – мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгеруді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Олимпиада «Тілдарын -2020» облыстық олимпиадасының жеңімпазы Смагулова Еркежан олимпиадаға дайындалу барысындағы тәжірибесімен бөлісе отырып, барлық қатысушыларғаа “сәттілік”,” алға” деген тілегінен басталды.
Олимпиада үш кезеңнен тұрды.
1-кезең. Қатысушы ұяшықты таңдайды, таңдалған ұяшықта берілген тақырыптың мазмұнын үш тілде толық ашу.
2-кезең. Кездейсоқ таңдау арқылы үш тілде берілген тақырыптың бірін таңдап, сол тілде эссе жазу.
3-кезең. Берілген мәтінге ілеспе аударма жасау.
3 кезең бойынша жинаған ұпайларды,қорытындылай келе ,әділ-қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.
1-орын 24 топ студенті Каримова Диана
2-орын 24 топ студенті Құбаш Аружан
3-орын ШТБ-21-09 тобы Калиева Айдана
«Тіл шебері» номинациясы 29 ә топ студенті Ерсайынова Алуа
«Үздік аудармашы» номинациясы 25 топ студенті Толеуханова Аделия
«Жас қаламгер» номинациясы 29 топ студенті Конурова Балнұр
Барлық жеңімпаздарды құттықтай отырып,облыстық кезеңге жолдама алған студенттерге сәттілік тілейміз.